"Қарасу" бекетінде 50 келі күмісті заңсыз алып өтпек болған жүргізуші ұсталды

846

Жамбыл облысында "Қарасу" көлік өткізу бекетінде күміс бұйымдарын заңсыз шекарадан өткізбек болған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қарасу" бекетінде 50 келі күмісті заңсыз алып өтпек болған жүргізуші ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, Mercedes-Benz көлігін тексеру барысында орындықтың астынан полиэтилен пакетке оралған күміс бұйым табылды. 

"Брикеттің жалпы салмағы – 50 келі 516 г. Бұйымның алдын ала бағалау құны – 16 млн теңге", - деп жазылған хабарламада.

Күдікті мен контрабандалық бұйым Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне берілді. Бұл факт бойынша тергеу жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу