Қаратауда желден зиян келген нысандарды жөндеу басталды

617

Қаратау қаласында қатты желден зардап шеккен 8 көп қабатты үй мен қалалық әкімдік ғимаратының шатырын жөндеу бойынша жұмыстары басталды.   

Қаратауда желден зиян келген нысандарды жөндеу басталды Фото: Тұрар Қазанғапов

Бір мердігер компания өз жұмысына кірісіп кетсе, бүгін тағы 6 мердігермен жиын өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Қазіргі кезде 4 бригада электр желілерін қалпына келтіріп жатыр. Жылу көзі болып табылатын "Игілік" қазандығы штаттық режимде жұмыс істеп, шаһар тұрғындарын жылумен қамтамасыз етуде.

Айта кетейік, кеше Жамбыл облысы, Сарысу ауданында қатты соққан дауылдан кейін табиғи төтенше жағдай режимі жарияланған болатын. Шығын көлемі әлі нақтыланбады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу