Қаражатты қайда салған тиімді?

5513

Дағдарыс, геосаяси тұрақсыздық пен белгісіздік жағдайында бағалы қағаздар нарығы құбылмалы болып отыр. 

Қаражатты қайда салған тиімді?

Инфляцияның өсуі кезінде жинақтарды сақтау мен көбейту мәселесі қашан да өзекті. Қаражат салудың және инфляциядан қорғаудың ең танымал құралы депозит болып отыр. Бірақ та, бүгінде инфляция депозиттер бойынша кірістен асып түседі. Мысалы, шілде айындағы жағдай бойынша жеке тұлғалардың салымдарына орташа сыйақы мөлшерлемесі 11,8%-ды құраса, ал инфляция 15%-ға жеткен, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Осы жылдың тамызында инфляция 16,1%-ға жетті. Азық-түлік бағасы бір жылда 20,8%-ға, азық-түлік емес тауарлар бағасы – 15,5%-ға, ақылы қызметтер бағасы 10,1%-ға өсті.

Инвестициялаудың балама құралдарының бірнеше түрі бар. Соның ішінде алтын мен жылжымайтын мүлікке инвестиция құюды жатқызуға болады.

Алтын – сенімді активтердің бірі әрі ұзақ мерзімді инвестиция көзі, қысқа мерзімде өз құнын жоғалтуы мүмкін.

Бұдан бөлек жылжымайтын мүлік бағасы айтарлықтай өсіп, саланың инвестициялық тартымдылығын арттырып отыр. Мысалы, Қазақстанда жаңа тұрғын үйді сатудың орташа бағасы 2022 жылғы тамызда өткен жылмен салыстырғанда 23,8%-ға өскен. Қайталама нарықта өсім бір жылда 72,2%-ға жеткен. Онымен қоса үйді жалға алу бағасы да қымбаттады.

Тұрғын үйге инвестиция салу әлем бойынша танымалдыққа ие. Қазақстанда мұндай салымның пайдасын нақты тұрғын үй кешені, соның ішінде елдің ірі құрылыс салушыларының мысалында (BI Group, BAZIS-А, K7 Group, Рамс Қазақстан және т.б.) байқауға болады.

Мысал келтірсек, Астанадағы NovaCity (BI Group) тұрғын үй кешеніндегі жаңа пәтерлердің 1 шаршы метрі үшін 2020 жылдың шілдесінде 287 мың теңге болған. 2020 жылы 57 шаршы метр болатын екі бөлмелі пәтер шамамен 16 млн теңге болса, бүгінде бағасы 31 млн теңгеден асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу