Көкшетауда кәріз құдығына түсіп, уланып қалған екі ер адамды құтқарушылар аман алып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"1982 ж.т. ер азамат кәріз құдығын тазаламақшы болып, есінен танғаны, одан кейін оның 1980 жылғы ағасы да соңынан түсіп, оның да есінен танғаны белгілі болды. Кәріз люгінде ер адамдар шамамен 30 минуттай болған, кейін оларды ТЖД қызметкерлері шығарып, ес-түссіз күйлерінде жедел жәрдем көлігіне тапсырды", – деп жазылған хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу