Кәріз суы қала маңын басып қалды

602

Қарағандының маңын кәріз суы басып қалды. 

Кәріз суы қала маңын басып қалды Фото: SN.kz

Тіпті көпқабатты үйлердің жертөлесіне де кірген. Бір апта бойы иісі қолқаны қабатын нәжіс суымен алысып жатқан тұрғындар, баспаналарының іргетасын уайымдап отыр.

Күннің күрт жылуынан толассыз аққан ағын су кәріз жүйесін толтырып жіберген. Салдарынан қалдық су көпқабатты үйлердің жертөлесін басып қалды. Тұрғындар бір аптадан бері алысып келеді. Тіпті, техникаларды да жалдаған. Бірақ нәтиже жоқ.

"Күні-түні сумен алысып жатырмыз. Кеше түнгі 12-ге дейін алыстық. Кеше өзіміздің электрошитовойымыз атылып кете жаздады. Судың биіктігі- 80 см-ге дейін жетті. Сол бүкіл күштерді салып, сумен алысып, бір жұма болды әлек болып жатқанымызға", дейді тұрғын Алтай Құсайынов.

Қаланың маңына жайылған нәжіс суы табиғатқа да зиян тигізді дейді экологтар. Басып қалған аумақтың көгалдануы екі талай. Сондықтан, табиғат жанашырлары экологиялық жаңа заңнамаға сай,  зақымданған жерді қайта қалыпына келтіріп беруге жауаптытар міндетті дейді.

"Табиғаттың әртүрлі қалдықтарымен ластану фактісі тіркелді. Енді жауаптылар ақшамен құтыла алмайды. Жаңа заңнама сай бұл жерлерді кінәлі тарап қалыпқа келтіру керек. Ластанған жерді тазартқан жөн. Алайды ол қаншалықты орындалады? Беймілім...", дейді Эколог Дмитрий Калмыков. 

Ал, мұндайға жол берген "Қарағанды Су" ЖШС өкілдері бар кінәні 70-шы жылдардан бері тозған құбырлардан көріп отыр. Айтуларынша, бүгінгі таңда 16 шақырымы бітелген. Барлығын жөндеуге қаражат жетпейді. 

"Құбырлар негізі 75-80 пайызға ескірген. Сыртқа шыққан себебі ана қаланың суы ағынды еріген сулар біздің каллекторларды толтырған да, сол КНС-ке жақындағанда шығып кеткен", дейді "Қарағанды су" ЖШС бас директорының орынбасары Кенжан Дауылбаев.

Қаншама гектар жерге жайылған кәріз суын арық арқылы 10-шы каллекторға құйып жатырмыз, - деген коммуналды мекеменің жауабына тұрғындар қанағаттанбай отыр. Бұқара мына қалдық Федоровка қоймасын ластап жатыр деп дабыл қағуда. Сондықтан, облыс әкімдігі бұл мәселеге үңілсе дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу