2019 жылғы маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті атыс қаруының заңсыз халықаралық арнасын әшкерелеген болатын. Заңсыз айналымнан 3 "Калашников" автоматы, 3 гранатаатқыш, 2 жауынгерлік граната, 14 тапанша, 1700-ден астам патрон мен өзге де қарудың керек-жарағы алынған.
"Осы іске қатысы бар деген күдікпен Алматы қаласы мен Алматы облысының 10 тұрғыны қылмыстық жауапқа тартылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ішкі істер органдарының лауазымды тұлғасы министрлік теңгерімінде тұрған оқ-дәрілерді ұрлағаны белгілі болды. Сонымен қатар, қару құрастыру бойынша жасырын шеберхананың әрекеті тоқтатылды. 2020 жылғы 27 қаңтарда Алматы қаласындағы Алмалы аудандық сотының үкімімен сотталушылар әртүрлі мерзімдерге бас бостандықтарынан айыру жазасына кесілді", – делінген ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінде.