Қаржы алаяқтығының жаңа түрі пайда болды

555

Былтыр "Қазшоптаның" мәліметтер базасын сатып алуға 25 мың доллар ұсынылған.

Қаржы алаяқтығының жаңа түрі пайда болды Фото: pixabay.com

Соңғы уақытта қаржы алаяқтарының жаңа түрі пайда болды. Еліміздің бірқатар банктері мен байланыс операторлары осылай деп дабыл қағуда. Сөздерінше, арам пиғылдылар кәзір шетелдік нөмірден қоңырау шалып, WhatsApp арқылы сөйлесуді ұсынады екен. Жалған банкирлер біз бен сіз туралы ақпаратты қайдан алады? Оларға алданып қалмаудың жолы қандай? 

Алаяқтар негізінен Қазақстанда отырмайды. Бұған дейін олар шетелдік нөмірлерін қазақстандық нөмірге ауыстырып алатын болған. Алайда, ондай әрекеттерге шектеу қойылғандықтан, олар басқа жолмен жүруге мәжбүр болды. "Қорғалған чат". Бұл алаяқтардың сиқырлы сөзі. Осы сөзбен сізді WhatsApp арқылы сөйлеседі. Ал, алаяқтардың өздері сіз туралы ақпаратты банк қызметкерлерінен алады екен. 

"Сіз туралы негізгі ақпараттар ол  банктегі несиелеріңіз, толық аты-жөніңіз бен туған күніңіз туралы ақпарат алаяқтың қолына банк арқылы жетеді дегенге сенемін. Мәселен, былтыр "Қазшоптаның" мәліметтер базасын сатып алуға 25 мың доллар ұсынылған. Демек, біз туралы деректер ақшаға сатылады деген сөз",- дейді Банк мәселелері бойынша тәуелсіз сарапшы Нұржан Бияқаев.

Қазақстанда алаяқ қоңырау шалмаған жан жоқ шығар. Кейбірінің еті үйреніп қалса, кейбірі әлі алданып қалады екен. Мамандар күмәнді адам қоңырау шалса, ешқандай ақпарат, құпия кодты бермеуге, тіпті, сілтемелерге өтіп, шоттағы қаражатты ешқайда аудармаауға кеңес береді. Егер бөгде біреу сіздің атыңыздан несие рәсімдеп алмасын десеңіз осылар қаперіңізде болсын. Ал, алматылықтардың өз тәсілі бар екен. 

"Шынымен сол банктің қызметкері екені туралы мәлімет беру керек. Ал, былай көріп қана сөйлесу керек қой. Телефонмен сене бермеу керек ондайға",- дейді тұрғын.

"Көп хабарласады банктенбіз деп. Күйеуім басында біліп қалды да сенбейді. Неизвестный номер хабарласса данный айтпайды сау болыңыз деп қоя салады"- деді алматылық.

Ақшаңызды сақтап қалғыңыз келсе, қаржылық қауіпсіздікті білген абзал. Ал, банк қызметкерлері телефон арқылы сөйлескенде ешқашан басқа шоттарға ақша аударуды ұсынбайды, құпия сөздеріңіз бен кодтарыңызды сұрамайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу