Қаржы министрі Есеп комитетінің сынына жауап берді

822

Парламентте Сенат пен Мәжіліс депутаттарының бірлескен отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz

Қаржы министрі Есеп комитетінің сынына жауап берді

Еске сала кетсек, бұған дейін Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова Мәжілісте те, Сенатта да Қазақстанның мемлекеттік қарызы өсіп бара жатқанын мәлім еткен еді. Комитет басшысы бұл тенденцияның қауіпті екенін ескерткен. Дәл сол уақытта Үкімет мүшелері бұл мәселеге нақты жауап бере алмаған еді. Алайда бүгінгі бірлескен отырыста Қаржы министрі бұл сынға жауап дайындап келген көрінеді.

"Есеп комитеті мемлекеттік борыштың өсуіне назар аударып, оның жалпы ішкі өнімге қатынасы 29,4% жеткенін және жаңа Бюджет саясаты тұжырымдамасында белгіленген 27% болатын шектеуден асқанын атап өтті. Расында Тұжырымдамада көрсетілген 27% Үкіметтің өзі белгілеген индикативтік көрсеткіш. Ал тұжырымдаманың өзі қазір өзекті емес. Сондықтан макроэкономикалық жағдайды және экономика дамуының басқа да параметрлерін ескере отырып, жаңа құжат әзірленіп жатыр", дейді министр.

Оның айтуынша мемлекеттік қарыздың жалпы ішкі өнімге арақатынасы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта және Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарында белгіленген лимиттен аспайды. 

"Барлық борыштық индикаторлар орындалып, қауіпсіз деңгейде сақталуда", - дейді ол.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу