Қазақстанның мемлекеттік қарызы өсіп барады

3192

Бұл тенденцияның қауіпті екенін Мәжіліс отырысында Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz

Қазақстанның мемлекеттік қарызы өсіп барады

"Есеп комитеті кейінгі жылдары ескерткен тәуекелдердің нақты тіркеліп жатқанын атап өту керек. Қазір бұл қарыздың көлемі – 20,6 трлн теңге. Қарыздың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 29,4%-ға жетіп, жаңа бюджеттің саясатының тұжырымдамасында бекітілген 27%-дың шектен асып кетті. Естеріңізде болса, 2014 жылы мемлекеттік қарыздың қауіпсіз шегі ЖІӨ-нің 22%-ын ғана құраған еді. Алайда жылдан-жылға бұл шек өсе берді, өсе берді. Оның үстіне бұл шектің неліктен өсіп келе жатқанын бізге дұрыстап ешкім түсіндірген де жоқ. Сол себепті қазіргі 29%-дық шекке жоғары деңгей деп есептеуге болады",– деді Наталья Годунова 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы берген есебінде.

Есеп комитетінің басшысы келтірген мәліметке сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың да қарызы 5 есе өсіп кеткен. Осы жылдың басында оның мөлшері 1,1 трлн теңгеге (2020 жылдың 1 қаңтарында 217 млрд теңге болған) жеткен. Мұндағы максималды рұқсатты шек 1,6 трлн теңге болғанымен, келешекте туындауы мүмкін қауіпті құбылыстан хабар береді.

"Шығындарға келер болсақ, экономикалық ахуалдың қиындығына қарамастан, бюджет өзінің әлеуметтік бағыт-бағдарын сақтап қалды. Ол жайлы бұрын да айтылған. 44 пайызы әлеуметтік секторға жұмсалды. Алайда келешекте бұл бағытта осылай жалғастыра берудің өзіндік қаупі де бар.Тиімсіз шығындалған қаражаттың көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 33 пайызға жетті (шамамен 570 млрд теңге). Себептері сол бұрынғыдай. Болжау кезіндегі қателіктер, жобаларды қаржыландырмау, қаржылық тәртіптің әлсіздігі көп",– дейді ол.

Қазақстанда дағдарысқа қарсы қаражаттың біршама бөлігі пандемия кезінде халықты жұмыспен қамтуға, халықтың табыс деңгейін арттыруға бағытталған. Елде жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыздық деңгейде сақталып қалғанымен, әу баста шығыстардың бір бөлігі уақытша жұмыс орындарын құруға бағытталған. 

Аян Бекенұлы
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу