"Мәжіліске заң жобасын енгіздіңіз. Тіпті атауын да қараңыз. "Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" деп аталады. Президенттің министрліктің алдына қойған міндеті – өзге тәжірибелерге сүйене отырып, заң жобасын жетілдіру үшін өзгерту енгізу. Мемлекет басшысының айтқанын сөзбе-сөз келтірейін: "Шенеуніктер үшін мұндай "ақша жасаудың көзін" жоғалту керек" деді. Қаржы министрі не істеп жатыр? Ол бізге қазір осы мақсатқа жету үшін бір сөзі жоқ құжатты әкеледі. Мұнда депутаттар оған бәрін жазып берді, енді ол мінбеге шығып, осы нормаларды оқып бергеннен басқа түк бітірмеді. Бұл қандай тәсіл, тыңдаңыз? Депутат мәселені дұрыс көтерді. Өйткені сіздерде жоспардың бәрі сапасыз, – деді Нұрлан Нығматулин.
Қанат Махамбет