Қаржы министрлігі ойынханаға қомақты ақша шығындаған 3 қызметкерін жазаға тартты

417

Бас прокуратура жариялаған тізімде аталған органның 25 қызметкері бар. 

Қаржы министрлігі ойынханаға қомақты ақша шығындаған 3 қызметкерін жазаға тартты Фото: dixinews.kz

Қаржы министрлігі құмар ойынның қармағына түсіп, ойынханаға қыруар қаржы шығындаған 3 қызметкерін тәртіптік жазаға тартты, деп жазады inbusiness.kz Atameken Business арнасына сілтеме жасап.

Бірақ оның үшеуі Қаржы министрлігінде жұмыс істемейтін болып шықты. Жетеуі заң бұзушылық тіркелгенге дейін жұмыстан кетсе, тағы жетеуінің құмар ойынға қатыспағаны анықталып отыр. Сондай-ақ 5 адам жұмыс мерзімінің аяқталуына байланысты ешқандай жаза арқаламады.

Еске салсақ, өткен жылдың қазан айында Алматы облысы прокуратурасы 305 шенеуніктің казиноға 507 миллион теңге жұмсағанын хабарлаған. Оның ішінде Ішкі істер және Қорғаныс министрліктері, Қаржылық мониторинг және Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, бірнеше әкімдік, тіпті Жоғарғы соттың да қызметкерлері бар. Тізімге іліккен әр мемлекеттік орган жұмысшыларын жауапқа тартуға міндеттелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу