Қаржы министрлігі шетелдік валютадағы бағалы қағаздар шығармақшы

1123

Ерұлан Жамаубаев  шетелдік валютадағы бағалы қағаздарды "Астана" халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) биржасында шығару жоспарланып отырғанын жеткізді. 

Қаржы министрлігі шетелдік валютадағы бағалы қағаздар шығармақшы

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев шетелдік валютадағы бағалы қағаздарды "Астана" халықаралық қаржы орталығының (ХҚО) қор биржасында шығару жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ол биыл республикалық бюджет тапшылығы 2,6 трлн теңге (ЖІӨ-нің 3,4%-ы) болғанын атап өтті. Оны қаржыландыру мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару арқылы ішкі қор нарығының қаражаты есебінен жүргізеледі.

"Алайда ішкі нарықтың шектеулі ресурстарын ескерсек, сырттан қарыз алуға мәжбүр боламыз. Бұл жоғары корреляция көрсетіп отырған теңге валютасынан ресейлік рубльге байланысты",  деді ол қаржы министрлігінің алқа отырысында.

Сонымен қатар министр республикалық бюджет тапшылығын болдырмау мақсатында еурооблигациялар шығару және халықаралық қаржы ұйымдарынан қаражат тарту арқылы қарыз алу мәселесі қаралатынын атап өтті.

"АХҚО биржасында шетел валютасында мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жөніндегі орта мерзімді бағдарлама әзірленеді. Бұл халықаралық инвесторларды ішкі нарыққа тартуға мүмкіндік береді және АХҚО биржасының одан әрі дамуына ықпалын тигізеді", – деді ол.

Оның пікірінше, республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру
валюталық тәуекелдерді барынша азайту және қолайлы мөлшерлемелер бойынша қарыз құрылымының теңгерімділігін ескеру, шарттарды уақтылы және толық орындау есебінен жүргізіледі.

"Мемлекеттік қарыз деңгейін қауіпсіз деңгейде ұстау –стратегиямыздың басым бағыттарының бірі", деп түйіндеді сөзін ведомство басшысы.

Айта кетейік, осыған дейін қаржы министрі Қазақстанның мемлекеттік қарызы 20,6 трлн теңге екенін айтқан еді.

Дәурен Ерболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу