Қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданады

888

Үкімет мүшелері Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің арасындағы келісімді мақұлдады.

Қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданады

Үкіметтің кезекті отырысында  Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған макроэономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісім қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Премьер-министр Асқар Маминнің айтуынша, бұл келісім елдегі экономикалық жағдайды өзгертіп, жаңа институтционалдық құрылым жасақтауды көздейді. 

"Халықтың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын арттыру – елдің әлеуметтік-экономикалық саясатының басым бағыты. Ол үшін ақша-кредит, салық, бюджет және құрылымдық саясат, сондай-ақ, қаржы секторын дамыту саясаты үйлестіріледі. Бірлескен шараларды ескеру үш бағыт бойынша жүргізіледі. Бірінші – макроэкономикалық орнықтылықты арттыру бағыты аясында төмен инфляция қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен экономиканың өсімі арасында теңгерімді сақтай отырып, іскерлік белсенділікті ынталандыру бойынша шаралар қабылданады. Инфляцияны біртіндеп төмендету және оны орнықты экономикалық өсімге ықпал ететін төмен деңгейде ұстау бойынша жұмыс жалғасады", - деген Үкімет басшысы 2030 жылға арналған тағы бір стратегиялық құжат әзірленетінін ескертті.

"Қаржы нарығын дамыту деген екінші бағытын іске асыру 2030 жылға дейінгі қаржы секторын дамыту тұжырымдамасын қабылдауды көздейді. Қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен экономикалық өсімді қамтамасыз ету қажеттігін ескере отырып, қаржы механизмі негізінде экономикалық банкті кредиттеуді айтарлықтай кеңейту бойынша шаралар қабылданады. Экономикалық  өсудің ұзақ мерзімді әлеуеті деген үшінші бағыт аясында бәсекеге қабілетті шикізаттық емес секторға өңірлік және жаһандық қосылған құн салығы құн тізбегіне кіруге негізделген экономиканың жаңа құрылымын қалыптастыруды ынталандыру жұмысы жалғасады. Экономиканың сапалы және орнықты дамуы үшін түбегейлі жаңа институционалдық жағдай жасалады. Жаңа экономикалық жағдай да халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатының артуына ықпал етеді", - деді Асқар Мамин.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу