Агенттік үміткерлерге мынадай талаптар қойып отыр:
"Құқықтану", "Экономика және аудит", "Ақпараттық қауіпсіздік", "Ақпараттық технологиялар", "Математика" және STEM-нің басқа бағыттары бойынша жоғары білімі туралы диплом;
Жоғары деңгейлі интеллект (IQ);
Жасы 35-ке дейін;
Бұрын құқық қорғау және арнайы органдарда қызметтен өтпегендер, сондай-ақ елдің Қарулы Күштерінде келісімшарт бойынша қызмет етпегендер;
Беделінің мінсіздігі.
* Үздік диплом, олимпиадалардың, ұлттық және халықаралық конкурстардың жеңімпаздары іріктеу кезінде басымдылыққа ие;
Іріктеу 3 кезеңде өтеді:
1-кезең – онлайн-анкета толтыру және барлық қажетті құжаттарды жинақтау;
2-кезең – қабілеттіліктері мен дағдыларын бағалау (IQ деңгейін тексеру, эссе жазу, уәждемелі (мотивациялық) сөз сөйлеуді дайындау);
3-кезең – Орталық аппаратта онлай-сұхбаттасудан өту.
"Барлық кезеңдерден сәтті өткен азаматтар "ҚР ҚМА жас мамандары пулына"қабылданып, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында оқытудан өту үшін ұсынылады", -деп жазылған ресми сайтта.
Іріктеуден өткендер одан әрі Академияға қабылдау үшін ұсынылған үміткерлер ҚР заңнамасын білу бойынша ауызша емтихан тапсыруы тиіс.
Оқыту 5 ай бойы өткізіледі және экономикалық тергеп-тексеру қызметі органдарында 1 ай тағылымдамадан өтеді.
Қызметкерлердің ең төменгі жалақысы (лауазымдық жалақысы) 156 мың теңге болмақ.
"Бұл ретте құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ақшалай үлесі лауазымдық жалақыдан, сондай-ақ арнаулы атағы үшін 38 225 теңгеден бастап қосымша ақылардан, қызмет өткерудің ерекше жағдайлары, сыныптық біліктілігі үшін үстемеақылардан және жалақының 10-нан бастап 50%-ға дейінгі мөлшерінде басқа да төлемдерден құралады. Сондай-ақ, Жұмыс нәтижелері үшін сыйақы төлеу жүйесі қарастырылған, сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, еңбек сіңірген жылдарына сәйкес 30 және одан артық күнтізбелік күн көлемінде демалыс беріледі", - деп жазады агенттік сайты.