KASE-нің жиынтық капиталы 32 трлн теңгеге жетті

644

Әлемдік рейтингіде 47 орындамыз.

KASE-нің жиынтық капиталы 32 трлн теңгеге жетті

1 қазандағы жағдай бойынша KASE қор нарығын жиынтық капиталдандыру шамамен 32 трлн теңгеге жетіп, ІЖӨ-нің 46%-ын құрады. Оның ішінде акциялар нарығын капиталдандыруға – 17,7 трлн теңге, айналыстағы корпоративтік борыш көлеміне – 14,3 трлн теңге тиесілі.

Жалпы кейінгі алты жылда KASE-нің капиталы 4 есе, ондағы облигациялар нарығы 2 есе артқан. Қазақстандық қор бирдасының ресми тізімінде 2014 жылы 79 акция ғана шығарылған болса, қазір олардың саны 138-ге жетіп отыр. Ал облгиациялардың саны 75-тен 261-ге көбейді. Бұл облигациялардың санымен бірге құны да айтарлықтай өскенін айту керек. 

Осы көрсеткіштердің арқасында былтыр Қазақстан Дүниежүзілік Банктің статистикасы бойынша Орталық Еуропа және Балтық жағалауы елдері мен Түркияның арасындағы деңгейге шықты.

"KASE-нің ІЖӨ-ге қатысты нарықтық капиталдандыру мөлшері бойынша Қазақстан 141 елдің ішінде 68-ші орында. Дүниежүзілік биржалар федерациясының рэнкингінде алдын ала қорытынды бойынша 2020 жылғы мамырда KASE барлық қор биржаларының ішінде нарықтық капиталдандыру мөлшері бойынша 47-орында. Нарықтық капиталдандыру көрсеткіші бойынша Қазақстанның халықаралық рэнкингтердегі позицияларын одан әрі жақсарту көбіне бағалы қағаздардың ішкі нарығында жаңа IPO өткізу есебінен не нарықтық капиталдандыруды және қор биржасының листингіндегі компаниялар құнын өсіру есебінен қамтамасыз етілуі мүмкін", -деп жазылған Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми мәліметінде. 

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу