Кәсіпкер Рамиль Мухоряпов Отбасы банкі директорлар кеңесінің құрамына кірді

949

Ол Александр Баруниннің орнына директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор болып сайланды.  

Кәсіпкер Рамиль Мухоряпов Отбасы банкі директорлар кеңесінің құрамына кірді

Chocofamily интернет-холдингінің негізін қалаушы және тең иесі Рамиль Мухоряпов Отбасы Банкі директорлар кеңесінің құрамына кірді, деп хабарлады inbusiness.kz KASE-тің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Біз Рамиль Мухоряповтың тәжірибесі банктегі онлайн-қызметтердің дамуына және клиенттік сервистің жақсаруына оң әсер етеді деп үміттенеміз.  Оның болашақ пайымдауларына әсер етуі мүмкін лауазымды тұлғалар, олардың үлестес тұлғалары, қоғамның ірі контрагенттерінен тәуелсіздік қағидатын бірге ілгерілетеміз", – деді Отбасы банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова. 

Осылайша, аталған банктің директорлар кеңесінің құрамына 7 адам енді:  Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, Қаржы институтының басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова, "Бәйтерек" холдингінің басқарушы директоры, басқарма мүшесі Ерсайын Хамитов, "Бәйтерек" холдингі басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев, тәуелсіз директорлар Эльмира Ермекова, Досым Қыдырбаев және Рамиль Мухоряпов. 

Айта кетейік, Chocofamily Holding холдингісінің негізі 2011 жылы қаланған. Оның Chocolife.me, BeSmart.kz, Aviata.kz-Chocotravel.com, Lensmark.kz, Chocofood.kz, iDoctor.kz-те үлесі бар.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу