Кәсіпкерлер мобильдік аударым арқылы нақты табысын жасырып жүр

1438

Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлерге аударымдарды қабылдау үшін бөлек шоттарды пайдалануға кеңес берді.

Кәсіпкерлер мобильдік аударым арқылы нақты табысын жасырып жүр

Мобильдік банк қосымшалары арқылы ақша аударған қарапайым қазақстандықтарға салық салынбайды, өзгеріс тек кәсіпкерлерге ғана қатысты. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, мобильдік қосымша арқылы ақша аудару қызметі жеке тұлғалар арасындағы жеке аударымдар үшін жасалған. Бұл қызмет кәсіпкерлік мақсатқа арналмаған.

"Қазіргі таңда мобильдік аударымдарды кәсіпкерлер төлем қабылдау кезінде кеңінен пайдаланып жүр. Олардың кейбірі осы қызмет арқылы нақты ақша айналымын жасырады. Микро-шағын бизнес 3 жыл табыс салығынан босатылғанына қарамастан мұндай заңсыз әрекеттер жиі кездеседі", - деп жазылды МКК-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар комитет трансферттер мен төлемдерді бөлу және фискалдау бойынша бірқатар шешім әзірлеп жатқанын жеткізді. 

"Бұл кәсіпкерлердің жеке аударымдары мен кәсіпкерлік трансферттерін ажыратуға мүмкіндік береді. Бұл жаңашылдық тек бизнес өкілдеріне ғана қатысты. Жеке тұлғалардың жеке аударымдарына әсер етпейді, оларға салық салынбайды", - деп жазылды МКК-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Осы орайда ведомство кәсіпкерлік қызметтегі аударымдар мен төлемдерді қабылдау үшін бизнесмендерге бөлек шоттарды пайдалануды ұсынды.

"Біз кәсіпкерлік қызметке арналмаған шоттарды пайдаланып табыс алу белгілерін анықтайтын, тәуекелдерді басқару жүйесін іске қосуды ұсынамыз. Мысалы, бір адамның күн сайын бірнеше адамнан аударымдарды ұзақ уақыт бойы алуы кәсіпкерлік қызметтің белгісі ретінде танылуы мүмкін", - деп жазылды хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін мобильдік ақша аударымына салық салынуы мүмкін екені хабарланған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу