Кәсіпкерлер үшін кредит төлеу мерзімі шегеріледі

780

Коронивирустан зардап шеккен шағын және орта бизнес өкілдеріне жеңілдік жасалады. 

Кәсіпкерлер үшін кредит төлеу мерзімі шегеріледі

2021 жылдың 1 сәуіріне дейін микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері, жеке кәсіпкерлерге банк займдары және микрокредиттерді төлеу мерзімі шегеру мүмкіндігі беріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Атамекен" ҰКП сайтына сілтеме жасап.

Төлемдерді кейінге шегеру мерзімі – 30-90 күн. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шағын және орта бизнес субъектілеріне кредит төлемдерін шегеру тәртібі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бекітті.

Осы шарамен экономикалық қызметтің 346 түрі қамтылды, оның ішінде:

сауда және ойын-сауық орталықтарын жалға алушылар және тауарларды жеткізу тізбегін қоса алғанда, сауда саласы;

спорт, туризм, қонақ үй бизнесі;

қоғамдық тамақтану қызметі, мейрамхана және кафелер;
жолаушылар және жүк тасымалдары;

тұрмыстық қызметтер, театр, кинотеатр, фото және бейне түсірілім, көрмелер және конференциялар, салтанат ұйымдастыру, сұлулық салондары, фитнес-орталықтары;

Аталған санаттар кредит төлемдерін шегеру мүмкіндігін алу үшін
электронды пошта, интернет-ресурс, мобильді қосымша немесе басқа да байланыс көздері арқылы 2021 жылдың 30 маусымына дейін кредит ұйымына өтініш жазуы керек. Орта кәсіпкерлік субъектілері өтінішпен бірге қаржылық жағдайдың нашарлағанын растайтын құжаттарды өткізуі шарт.

Қарызды шегеру төменде көрсетілген әдістердің бірін қолданып, жаңа төлемдер кестесін белгілеу арқылы жүргізіледі:

1. кредит мерзімінің соңына дейін алдында шегерілген төлемдерді біркелкі бөлу;
2. кредит мерзімін шегеру мерзіміне арттыру;
3. банк займы (микрокредит) келісімшарты немесе қарыз алушының өтінішінде белгіленген басқа әдіс.

Қосымша шарттар:
шегеру қосымша келісімшарт жасамай беріледі;
шегеруді алу кредит тарихын нашарлатпайды;
шегеруді рәсімдеуге комиссия және басқа төлемдер ұстау қарастырылмаған;
кредит ұйымдарының осы қарыз алушыларға қатысты талап қою-өндіру жұмыстары жеңілдік мерзіміне дейін тоқтатылады.

Қарызды шегеруге құқық беретін экономика салаларының шарттары мен тізбесі туралы толығырақ ақпаратты қосымшадан (Агенттік төрағасының 2021 жылғы 9 сәуірдегі №127 бұйрығы) табуға болады.

Айта кетейік, осыған дейін пандемия кезінде кәсіпкерлерге қандай көмек көрсетіліп жатқаны хабарланған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу