Кәсіпкерлеріміз "Қазақ тілі" қоғамына белсенді түрде қаржылай жәрдем беретініне күмәнім жоқ – Мемлекет басшысы

109

Кәсіпкерлеріміз де өз ынтасын көрсетіп, "Қазақ тілі" қоғамына белсенді түрде қаржылай жәрдем беретініне күмәнім жоқ.

Кәсіпкерлеріміз "Қазақ тілі" қоғамына белсенді түрде қаржылай жәрдем беретініне күмәнім жоқ – Мемлекет басшысы Фото: gov.kz

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының Х құрылтайында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты.

"Қазақ тілі" қоғамы осы жұмыстың алғы шебінде тұрған іргелі ұйым. Бәріміз бұл Ұйымды қолдауымыз керек. Қоғам құрамында үш жылдан бері Qazaq Tili Endowment Qory жұмыс істеп тұр. Мен өзім де бұл маңызды бастамаға қолдау көрсеттім.

Ел азаматтары да осы игі іске өз үлесін қосуда. Кәсіпкерлеріміз де өз ынтасын көрсетіп, "Қазақ тілі" қоғамына белсенді түрде қаржылай жәрдем беретініне күмәнім жоқ. Тіл – халық қазынасы. Сондықтан Ұйымның бұл қызметін шын мәнінде халықтық мүддені көздеген іс деп айтуға толық егіз бар", – деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу