Каспий арқылы өтетін суасты интернет кабелі осы айда іске қосылады

262

Сумгаит жағалауынан Ақтауға дейін 390 шақырым кабель төселген.  

Каспий арқылы өтетін суасты интернет кабелі осы айда іске қосылады Фото: kursiv.media

Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін осы айда іске қосу жоспарланған. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Келесі бағыт – заманауи телеком-инфрақұрылымды дамыту. Негізгі жобалар бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Транс-Каспий талшықты-оптикалық байланыс желісі бойынша Əзербайжанның Сумгаит жағалауынан Ақтауға дейін 390 шақырым кабель төселді.  Желіні осы айда іске қосу жоспарланған", – деді Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында.

20-дан астам қалада 5G желісінің 4 мыңнан астам базалық станциясы орнатылған. Beeline жəне Starlink Mobile компанияларымен бірлесіп, Direct-to-Cell технологиясы іске қосылған.

"Ол спутник пен смартфон арасындағы тікелей байланыс арқылы елдің кез келген нүктесінде хабарлама жіберуге жəне интернеттің базалық қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді. Технология Android-та қолжетімді, ал iOS бойынша жұмыс жалғасуда", – деп атап өтті Премьер-министрдің орынбасары.

Айта кету керек, бұған дейін  Қазақстан 2029 жылға дейін KazSat-3R спутнигін жасауды көздеп отырғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу