"КҚК бір жыл немесе бірнеше ай бойы тоқтап тұрады деп ойламаймын. Әлдеқайда жылдам қалпына келтіріледі. Үш апта, бір ай, мүмкін одан сәл көбірек уақыт алуы мүмкін", – деді ол Atameken Business телеарнасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, ауа райының қолайсыздығынан консорциумның айлақтағы құрылғылары зақымдалып, салдарынан терминалда мұнай тиеу тоқтатылған еді.
Министр, КҚК басшысының сөзіне сілтей отырып, қазір теңізде жатқан құрылғылар тексеріліп жатқанын, сүңгуірлер қандай ауа райы болса да анықтау жұмысын жалғастыратынын мәлім етті.
"Бүгін-ертең жауап болады деп үміттенеміз", – деп қосып қойды Ақшолақов.