Каспий теңізіне батып кеткен үш адамның да денесі табылды

819

Маңғыстау облысында мамандар Каспий теңізіне батып кеткен екі адамның денесі тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Каспий теңізіне батып кеткен үш адамның да денесі табылды

Облыстық ТЖД мәліметінше, құтқарушылар суға батып кеткен екінші адамды тапқан.

"Ол – Қарағанды қаласының тұрғыны, 1999 жылы туған. Суға батқан үшінші адамның денесі де табылды. Ол – Ақтау қаласының тұрғыны, 1999 жылы дүниеге келген. Іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, кеше Каспий теңізінде 3 адам суға батып кеткен еді. Төртінші адам өлімнен аман қалған. Жастар шомылуға тыйым салынған 4-шағын ауданда ішімдік ішкен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу