Каспий теңізінің тартылуынан Қазақстан бөлігі көп зардап шегеді

"Қазгидромет" РМК дерегінше, теңіздің тайыздану процесі әлі жалғасады, тіпті бұл одан да арта түсуі ықтимал.  

Каспий теңізінің тартылуынан Қазақстан бөлігі көп зардап шегеді Фото: lada.kz

Сарапшылар Каспий деңгейінің төмендеуіне басты екі себепті атайды: олар – климаттың өзгеруі мен адам факторы, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Community Climate System Model атты климаттық модельдің RCP4.5 және RCP8.5 сценарийлері бойынша жүргізілген есептерге сай, ғасырдың ортасына қарай теңіз деңгейі тағы 2 метрге төмендеуі ықтимал. Негізінен Каспий теңізінің тартылуы 2006 жылдан бері байқалып келеді.

"Болжам бойынша, 2050 жылға қарай Каспий теңізінің деңгейі Балтық биіктік жүйесі бойынша –32,4-тен –34 метрге дейін төмендеуі мүмкін", – деп мәлім етті Қазгидромет. 

Осы күні Каспий теңізінің қазақстандық бөлігі су деңгейінің төмендеуінен ең көп зардап шегіп отырғанға ұқсайды.

Қазгидромет жүргізген ай сайынғы гидрометеорологиялық шолуға сәйкес, 2025 жылдың қыркүйегінде: 
– ең жоғары деңгей Иголкинская банка бекетінде +147 см;
– ең төменгі деңгей Құрық бекетінде –195 см;
– орташа деңгей –118 сантиметр немесе Балтық жүйесі бойынша –29,18 метр болды. 

Каспий деңгейінің тарихи өзгеру динамикасы:

1940-1977 жылдары деңгей 1,2 метрге түскен (жылына орта есеппен 4 см);
1978-1995 жылдары 2,5 метрге көтерілген (жылына 13 см);
1996-2023 жылдаы 1,83 метрге төмендеген (жылына 8 см).
2006-2024 жылдары аралығында судың деңгейі тағы 2 метрге азайған.

Былтыр Каспийдің қазақстандық бөлігінде су деңгейі солтүстік-шығыста 22 сантиметрге, ал шығысында 29 сантиметрге төмендегені туралы айтылды.

20 күн бұрын ғана ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына алаңдаушылық білдіріп, түркі елдерін бірлескен іс-қимылға шақырған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу