Қасым-Жомарт Тоқаев АӘК алудағы алаяқтықтың алдын алуды тапсырды

1063

"АӘК – бұл мұқтаж азаматтарға берілетін мемлекеттің жәрдемақысы", – дейді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев АӘК алудағы алаяқтықтың алдын алуды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен Президент әкімшілігіне атаулы әлеуметтік көмекті берудің цифрландыру жүйесін енгізуді тапсырды.

"Атаулы Әлеуметтік Көмек алу мақсатында көпбалалы ата-аналардың ажырасуы жиілеп кетті. Үкімет пен Президент әкімшілігіне алаяқтыққа тосқауыл қою үшін цифрландыру жүйесін енгізуді жеделдету тапсырылды. АӘК – бұл мұқтаж азаматтарға берілетін мемлекеттің жәрдемақысы", – деп жазды Мемлекет басшысы twitter-дегі микроблогында.

Соңғы уақытта көпбалалы аналардың аталған көмекті алу үшін ажырасып, ал әкелері мемлекеттен көмек алу үшін балаларынан бас тартып жатқаны туралы хабарлар жиілеп кеткен болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу