Қасым-Жомарт Тоқаев Абай күніне орай құттықтау жариялады

1028

Мемлекет басшысы құттықтауды Twitter парақшасында жазды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Абай күніне орай құттықтау жариялады Фото: akorda.kz

"Баршаңызды Абай күнімен құттықтаймын! Хакім Абай – ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу ісінде Абай өсиетінің маңызы зор. Адал азамат ұғымы ұлы ақынның "толық адам" тұжырымынан бастау алады. Біз Абай мұрасын насихаттауды жалғастыра береміз", – деп жазды Мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, бүгін елімізде ұлы Абайдың туған күні аталып өтуде. Осыған орай түрлі шаралар ұйымдастырылды. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу