Қасым-Жомарт Тоқаев: Ауғанстандағы жағдайдың белгілі бір деңгейде қатері бар

1194

Ауғанстандағы жағдайдың белгілі бір деңгейде қатері бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскерилер алдында осылай деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ауғанстандағы жағдайдың белгілі бір деңгейде қатері бар

Мемлекет басшысы Алматы облысында өткен Ұлттық ұланның "Қайсар-2021" оқу-жаттығуына қатысқан болатын. Тоқаев онда елдің жоғары бас қолбасшысы ретінде Ішкі істер министрлігінің түрлі дағдарыстың алдын алуға және жолын кесуге тас түйін дайын болу керектігін ескертті. Мемлекет басшысы әскери қызметтегілердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға да уәде етті. Алдағы 3 жылда полицейлердің жалақысы 30 пайызға артады. Әзірге Қазақстан ресми Ауғанстанға келген жаңа билікті мойындаған жоқ. Дегенмен, тәліптер ондағы дипөкілдіктің қауіпсіздігіне кепілдік берген.

***** 
Тәліптер Ауғанстанды басып алғалы 1 апта ішінде 20 адам қайтыс болды. Олар - америкалықтар бақылауындағы Кабул әуежайы арқылы шекара аспақ болғандар. Бірі атыс кезінде жан тапсырса, енді бірінің ажалы кісі нөпірінен болған.

Жергілікті халық тәліптердің қатаң заңымен өмір сүруден қорқады. Олар қуғын-сүргінге ұшыраймыз ба деп шекаралас елдерге бас сауғалап жатыр. Шамасы келмеген халық жаңа билік бейбіт заман орнатады деп сенеді. Өткен аптада Талибан жетекшісі инклюзивті үкімет құрамыз. Барлық тараппен келісім орнатып, Ауғанстанды гүлдендіреміз деп мәлімдеме жасаған.

*****

Түріктер Иранмен шекаралас аймақтағы күзетті күшейтіп жатыр. Олар Ауғанстан босқындарының елге өткенін қаламайды. ЗКТ: Себебі қазірдің өзінде бұл елде 4,5 млн босқын бар. Дені - осы Иран жақтан өткендер. Арасында Анкарадағы билік жау санайтын күрд содырлары да бар. Осы жолы шекара маңын жағалағандар - шетелдіктерге қызмет еткен ауған азаматтары.

*****

Қазақстан БҰҰ-ға барынша көмек көрсетіп келеді. Олай дейтініміз, күні кеше Кабулдан Алматыға 120 адам эвакуцияланды. БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик айтуынша, жолаушылар қатарында аталған ұйымның қызметкерлерімен қатар үкіметтік емес ұйым өкілдері де бар.

Тақырыпты Atameken Business тілшісі Арнат Дүйсен тарқатады:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу