Қасым-Жомарт Тоқаев Франция халқына көңіл білдірді

936

XIII ғасырда салынған Құдай ана шіркеуі 1991 жылы ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енген болатын. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция халқына көңіл білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франциядағы әйгілі тарихи ғимараттың өртенгеніне байланысты Франция еліне шынайы көңілін білдірді.

"Француз бен әлем мәдениетінің бірегей ескерткіші – Париждегі Құдай Ана шіркеуінде болған алапат өртке қатысты Францияның Президенті мен халқына шынайы көңіл білдіремін", – деп жазды Қазақстан Президентті Тwitter желісінде.

Айта кетсек, Париждегі әйгілі Нотр-Дам шіркеуі кеше өртке оранды.  Әзірге апаттың шығыны нақтыланған жоқ. Дегенмен ЮНЕСКО оны қайта қалпына келтіруге көмектесетінін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу