ЮНЕСКО Нотр-Дам шіркеуін қалпына келтіруге көмектеседі

1376

Жергілікті кәсіпкерлер де қомақты қаржы бөліп жатыр.

ЮНЕСКО Нотр-Дам шіркеуін қалпына келтіруге көмектеседі

Түнімен өртенген Париждегі әйгілі Нотр-Дам шіркеуі толық сөндірілді. Әзірге апаттың шығыны нақтыланған жоқ. Дегенмен ЮНЕСКО оны қайта қалпына келтіруге көмектесетінін мәлімдеді. Жергілікті кәсіпкерлер де қомақты қаржы бөліп жатыр.

Қазір прокурорлар тергеу жүргізуде. Бірқатар елдің басшылары француз жұртының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

Бұл – әлемдік мәдениет үшін үлкен трагедия. Себебі Нотр-Дам шіркеуі – тек Франция тарихының емес, күллі қарт құрлықтың символына айналған мәдени мұра.

Оқиға орнына келген Макрон 8 ғасырлық тарихы бар нысанның қаңқасын сақтап қалғаны үшін өрт сөндірушілерге алғыс айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу