Мемлекеттік сапар аясында екі ел басшылары Қазақстан-Германия стратегиялық серіктестігін нығайту мәселелері бойынша келіссөз жүргізіп, оның қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қояды деп жоспарланған.
Германия Федералды Президенті Қазақстан және Германия университеттері ректорларының форумында сөз сөйлеп, Мемлекет басшысымен бірге қазақ-герман бизнес форумына қатысады деп күтілуде.
Бұдан бөлек аса мәртебелі мейман Франк-Вальтер Штайнмайер Маңғыстау облысына барады деп жоспарланған.
Айта кету керек, 19 маусым күні Франк-Вальтер Штайнмайерді елорда әуежайында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қарсы алды.