Қасым-Жомарт Тоқаев: Қаскөйлер ұсталып, сотқа тартылады

989

Мемлекет басшысы браконьерлердің қолынан қаза тапқан инспектордың жақындарына көңіл айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қаскөйлер ұсталып, сотқа тартылады

"Браконьерлермен алпарыста ерлікпен қаза болған қорықшы Қаныш Нұртазиновтың жақындарына шынайы көңіл айтамын. Қаскөйлер ұсталып, сотқа тартылады. Киіктерді атқаны үшін жазаны күшейту қажет. Қаза тапқан Қ.Нұртазинов марапатталатын болады. Егерь С.Оспановтың сауығып кетуін тілеймін",– деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Тwitter әлеуметтік желісінде.

Еске сала кетсек, бүгін сағат 11-:00 шамасында Ақмола облысының Жарқайың ауданы аумағында "Охотзоопром"-ның екі инспекторы киік атқандарды байқап қалып, олардың ізіне түскен. Қарсыласқан браконьерлер олардың екеуін де жарақаттаған. Өкінішке қарай, оның бірі ауруханаға жетпей көз жұмды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу