Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайға байланысты тапсырма берді

3798

Бұл туралы Президент Твиттерде жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайға байланысты тапсырма берді

"Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс. Азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар, бірақ, бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт шерулер туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуы керек", – деп жазды Мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, 2 қаңтар күні Жаңаөзенде жергілікті тұрғындар билікке талабын айтып, митингке шықты.  
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу