Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы ахуалға қатысты Трампты қолдады

Қазақстан Армения мен Әзербайжанның бейбітшілік жолындағы ортақ ұмтылысына да тілектестік танытты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы ахуалға қатысты Трампты қолдады Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы АҚШ президентінің Украинадағы ахуалды реттеуге бағытталған күш-жігеріне және ұсынған жоспарына қолдау білдірген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінше, тараптар аймақтық және халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, екі елдің көптеген түйткілге қатысты ұстанымы ұқсас екенін растаған.

– Қазіргі күрделі геосаяси жағдайда АҚШ Президенті Дональд Трамптың Украинадағы ахуалды реттеуге бағытталған күш-жігерін және ұсынып жатқан жоспарын қолдаймын. Сондай-ақ Қазақстан Армения мен Әзербайжанның бейбітшілік жолындағы ортақ ұмтылысын толық қолдайды, – деді Президент.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақ-армян қарым-қатынасы стратегиялық сипатқа ие болады" деген еді. 

Ал оның алдында Президент қазақ жұрты армян халқын ерекше қадірлейтінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу