Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысып жатыр

733

Жиын бейнеконференция форматында өтуде.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысып жатыр

Ақорданың твиттерінде аталмыш жиыннан қысқа мәліметтер мен Қазақстан Президентінің сөзінен үзінділер жарияланып жатыр.  

"Баршаңызды аман-есен көргеніме қуаныштымын. Бүгінде әлемде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Пандемия көптеген елдің қоғамдық, экономикалық өмірін тоқырауға ұшыратты", – деп жазылған алғашқы хабарламада.

Кеше мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында аталмыш жиында COVID-19 індетінің таралуын болдырмауға және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің экономикалық тұрақтылығын қолдауға бағытталған бірлескен шаралар талқыланатынын жазған болатын. 

Отырыстың қорытындысы бойынша Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске мүше елдердің бірлескен мәлімдемесін қабылдау жоспарланған.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу