Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулығы жақсы

896

Президенттің баспасөз хатшысы Мемлекет басшысының денсаулығы қалпында екенін, күнделікті коронавирусқа тест тапсырып отырғанын хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулығы жақсы

"Соңғы күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулығына қатысты еліміздің көптеген азаматтары алаңдаушылық білдіріп, сауал жолдап жатыр. Осыған орай, Қасым-Жомарт Кемелұлының денсаулығы жақсы екенін хабарлаймын. Соңғы кездердегі эпидемиологиялық жағдайдың өрши түсуіне байланысты, ол күнделікті коронавирусқа тест тапсырып жатыр. Тапсырылған барлық тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті",– деп жазды Берік Уәли әлеуметтік желіде.

Баспасөз хатшысының айтуынша, Мемлекет басшысы өзінің қызмет орнында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, мемлекеттік органдар мен ведомстволардың басшыларымен және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен онлайн-кездесулер өткізуде.

Сондай-ақ ол, Президенттің Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығып кетуіне тілектес екендігін, бұл сынақты да жеңіл еңсеретініне сенім білдіргенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу