Президент оқшауланған Елбасыны сөзбен демеді

1388

"Ол рухы мықты адам". 

Президент оқшауланған Елбасыны сөзбен демеді

Коронавирустің екінші толқыны Есілдің сол жағалауын біраз сарсаңға салатын түрі бар. Өткен аптада Ақорда мен Парламентті аяғынан тік тұрғызған індет Кітапханаға да жетті. Тұңғыш Президенттің COVID-19 инфекциясын жұқтырғанын Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай ресми растаған еді

"Қазіргі таңда Қазақстанның Тұңғыш Президенті өзін оқшаулады. Өкінішке қарай, Елбасының коронавируске тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті. Алаңдауға негіз жоқ", – деп жазды ол өзінің твитінде. Қас қағым сәтте Қазақстанның түкпір-түкпіріне тарап үлгерген ақпаратқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та үн қосты. 

Өзінің Твиттердегі парақшасында Мемлекет басшысы Елбасының індетті еңсеретініне сенім білдірген. 

"Өкінішке қарай, коронавирус біздің Тұңғыш Президентіміз, Елбасыны да айналып өтпеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Ол рухы мықты адам. Оның бүкіл өмірі күреске толы, сондықтан ол бұл сынақты да жеңіл еңсереді деп сенемін", – деп жазды Президент.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу