Қасым-Жомат Тоқаев: Бүкіл халықтың денсаулығы үшін осындай шешім қабылдап отырмыз

2580

Қоғамдық тәртіп қатаң бақылауға алынады.

Қасым-Жомат Тоқаев: Бүкіл халықтың денсаулығы үшін осындай шешім қабылдап отырмыз

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көгілдір экран арқылы халыққа Үндеу жолдады.

"Өкінішке қарай, осы дерт біздің елімізде де тіркелді. Менің кешегі Жарлығыммен бүгін таңғы сағат 8.00-ден бастап Қазақстанның аумағында төтенше жағдай енгізілді. Төтенше жағдай режимі 30 тәулікке созылады. Президент жанынан мемлекеттік комиссия құрылды. Оны Премьер-министр басқарады Барлық қажетті алдын алу шаралары жүзеге асырылады. Қоғамдық тәртіп қатаң бақылауға алынады. Көпшілік қатысатын іс-шаралар тоқтатылды. Көптеген азаматтарымыздың алдағы мереке күндеріне орай жоспар құратынын түсінемін. Дегенмен, бүкіл халықтың денсаулығы үшін осындай шешім қабылдап отырмыз", – деді Президент елдегі төтенше жағдайға арналған телевизиялық Үндеуінде. 

Еске салсақ, кеше Президент Жарлығымен коронавирустің таралуына жол бермеу үшін республика бойынша төтенше жағдай енгізілген болатын. Кеше кешке қарай елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 9-ға жетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу