Қатарлық инвестордың Bereke Bank-ті сатып алу бойынша мәміле қашан аяқталады?

220

Шетелдің инвестор банк холдингі мәртебесін алуға құжаттар ұсынуы тиіс. 

Қатарлық инвестордың Bereke Bank-ті сатып алу бойынша мәміле қашан аяқталады? Фото: Berekebank.kz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Bereke Bank-ке қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер Bereke Bank-ті сатып алу мәмілесі қашан аяқталатынын сұрады.

"Акционер катарлық инвестор Lesha Bank-тің Bereke Bank-ті сатып алатынын айтты. Процедуралық тұрғыдан жақын арада – осы айдың соңына дейін немесе келесі айдың басында қатарлық инвесторлар тарапынан банк холдингі мәртебесін алуға арналған құжаттар пакеті ұсынылады деп отырмыз. Біз осы құжатты алғаннан кейін Lesha Bank-ке банк холдингі мәртебесін беру мәселесін қарастырамыз. Бұл мәселе шамамен осы жылдың шілде айының соңында аяқталады деп күтіледі", - деді Олжас Қизатов.

Айта кету керек, осыған дейін қатарлық инвестор Bereke Bank-ті сатып алғанын жазған болатынбыз. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов Сенат кулуарында мәміленің шарттарын ашып айтпады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу