Қатты аязға байланысты Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары аумағындағы жолдар жабық.
"Қазақавтожол" РМК-ның мәліметінше, қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында дизельдік отынмен жүретін және қоғамдық көліктер үшін жолға шығуға шектеу бар. Еліміздің өзге өңірлеріндегі республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы қалыпты тәртіпте жүзеге асырылуда.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда алдағы 3 күнде аяз күшейеді. "Қазгидромет" РМК-ның хабарлауынша, Карск теңізінен көшкен арктикалық ауа Қазақстанның солтүстік аудандарына жетіп, аяздың күшеюіне себеп болды. Алдағы үш тәулікте 5-15º С климаттық нормадан төмен температурамен аяз оңтүстік-шығыс бағытқа араласып, біртіндеп Қазақстанның барлық аумағын қамтиды.