"Қауіпсіз жол" іс-шарасы: ЖКО-ның басым бөлігі Алматы, Астанада тіркелді

473

Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.  

"Қауіпсіз жол" іс-шарасы: ЖКО-ның басым бөлігі Алматы, Астанада тіркелді Фото: inbusiness.kz

Елімізде 20-24 ақпан аралығында "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасы өтті.

"Жол қозғалысы ережелерін бұзған 74 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде қоғамдық көлік жүргізушілері жол берген 1,2 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері анықталды. Автожолдардың 4 мың шақырымға жуық авариялық-қауіпті учаскелері зерттеліп, қосымша 644 жол белгісі орнатылды", - деді ол.

Спикердің сөзінше, жедел алдын алу іс-шарасы кезеңінде жол апаттарының басым бөлігі Алматы және Астана қалаларында тіркелген.

"Қайғылы жағдайға әкеп соқтырған жол апаттарының ең көп саны Ақтөбе және Алматы облыстарында болды",- деді Ақтоты Боранова.

Бұдан басқа 2 мыңнан астам көлік айыппұл тұрағына қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу