Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Атамбаевқа қатысты шешім қабылданды

969

Бүгін Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков демалысын тоқтатып, дереу Бішкекке оралды. Келе сала қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді.

Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Атамбаевқа қатысты шешім қабылданды

"Алмазбек Атамбаев заң аясында тергеу шараларын жүргізуге қатаң қарулы қарсылық көрсетіп, Қырғыстан Республикасының Конституциясы мен заңын өрескел бұзды. Отырыс қорытындысы бойынша, тиісті шешімдер қабылданды",­ – деп жазды Қырғыз басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске сала кетсек, қазіргі президент Сооронбай Жээнбековпен арадағы шиеленіс күшейгендіктен, Атамбаев соңғы апталарда Бішкектен 20 шақырым жерде орналасқан резиденциясында қауіпсіздік шараларын күшейткен еді.  

Сәрсенбі күні қырғыз арнайы күштерінің офицері экс-президенттің резиденциясын батыл шабуылмен алу операциясы кезінде қаза тапты. 

Қауіпсіздік комитетінің мәлімдеуінше, оның қызметкерлері "тек резина оқпен қаруланса", Атамбаевтың қолдаушылары отты қару ұстаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу