Қаза тапқан тағы бір әскеридің артында баласы қалды

767

Әбдіқұл Ахметов келісімшарт негізінде әскери қызметке 2013-ші жылы шақырылған, бөлімше командирі қызметін атқарып жүрген.

Қаза тапқан тағы бір әскеридің артында баласы қалды

ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дандыбаев жарылыс салдарынан қаза болған үшінші адам туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қаза тапқан үшінші адам – 1987 жылғы Әбдіқұл Нұрланұлы Ахметов. Үйленген, бір баласы бар. Шымкентте туған. Келісімшарт негізінде әскери қызметке 2013-ші жылы шақырылған, бөлімше командирі қызметін атқарып жүрген", – деді Дандыбаев.

Оның сөзінше, Ахметов кеше көз жұмған.

"Өкінішке қарай, әскери қызметкер алған жарақаттарынан емдеу мекемесінде қайтыс болды кеше", – деп нақтылады ол.

Бұған дейін тағы бір әскери мен бір тұрғын құрбан болған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу