"51 жастағы әке мен 17 және 20 жастағы ұлдары": Павлодарда кәріз құдығында қаза тапқандар жайлы

338

Қазір аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.  

"51 жастағы әке мен 17 және 20 жастағы ұлдары": Павлодарда кәріз құдығында қаза тапқандар жайлы Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Кәріз құдығына ферманың 6 қызметкері түскен, олардың бесеуі көз жұмды. Қаза тапқандардың үшеуі – бір отбасының мүшелері: 51 жастағы әке және оның 17 және 20 жастағы ұлдары, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, 28 жастағы тағы бір ер адам да сол әулеттің туысы болған. Аман қалған жалғыз 38 жастағы жұмысшы көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнына барған Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов құзырлы органдарға оқиғаны жан-жақты әрі объективті тергеп, кінәлілердің жауапкершіліктен жалтармауын тапсырды.

Кәсіпорын иесі қаза тапқандардың отбасыларына материалдық көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

"Қаза тапқандардың отбасыларына мемлекеттік органдар тарапынан да, жұмыс беруші тарапынан да жан-жақты қолдау көрсетіледі. Оларға арнайы материалдық көмек беріледі, жыл соңына дейін жалақысы төленеді, сондай-ақ несиелік қарыздары төленеді.

Бұдан бөлек, компания кәмелетке толмаған балалардың 18 жасқа дейінгі күтімі мен оқуына байланысты шығындарды өз мойнына алады", – деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, 20 шілде күні күндіз кәріз құдығындағы электр сорғысының ақауын жөндеу кезінде 1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2009 жылы туған алты адам қаза тапты.

38 жастағы ер адам Ақтоғай аудандық ауруханасында ем алып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу