Қазақ-Өзбек халықаралық сауда-экономикалық орталығы құрылуы мүмкін

977

Халықаралық электронды сауданың көлемі 1 трлн долларға жетеді.

Қазақ-Өзбек халықаралық сауда-экономикалық орталығы құрылуы мүмкін Фото: primeminister.kz

Сауда және интеграция министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде министр Бақыт Сұлтанов 2019 жылы атқарылған шараларды қорытындылап, жаңа жылға  арналған жұмыс жоспарын жариялады. 

"Халықаралық сауда трансформациясы мен әлемдегі ірі экономикалардың 
протекционизмі жағдайында сыртқы сауданы жетілдіруге басымдық беру қажет. Бұл ретте көрші мемлекеттермен алыс-беріс жасауға ұмтылуға тиіспіз. 2020 жылдың соңына қарай B2C форматындағы халықаралық электронды сауданың көлемі 1 трлн долларға жетеді. Сауда және интеграция министрлігі алдағы сын-қатерлерді ескере отырып, сауда саясатын өңірлік интеграцияға басымдық беру, экспортты ілгерілету, ішкі сауда мен электронды сауданы дамыту және техникалық реттеу мен тауар сапасын жақсарту арқылы жүргізеді", – деді Бақыт Сұлтанов.

Министрдің мәлімдеуінше, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өңірлік интеграциясының көкжиегін кеңейту үшін Орталық Азия мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынас орнату керек. 

"Бұл 70 млн адамдық құрайтын ірі аймақ. Соңғы 3 жылда осы аймақтың экономикасы 4,5%-ға өсті. Негізгі сауда серіктесіміз – Өзбекстан. Қазір тауар айналымы 2,8 млрд долларды құрап отыр. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан үкіметтеренің шекарадағы өткізу бекеттерін жаңғырту жөніндегі бастамасы мемлекетаралық саудаға серпін береді. Біз "Қорғас" халықаралық сауда орталығы секілді Өзбекстанмен халықаралық сауда-экономикалық орталығын құруды жеделдетуге күш жұмсаймыз", – деді министр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу