Қазақ тілі стандартын жасау керек – Назгүл Қожабек

248

"Калькасыз қазақ тілі" жобасының авторы, аудармашы, филолог Назгүл Қожабек Kazinform агенттігінің BIZDIÑ ORTA подкасында қазақ тілінің стандартын әзірлеуді ұсынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

Қазақ тілі стандартын жасау керек – Назгүл Қожабек Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Ана тіліміздің жанашыры тіл саласындағы мамандарды бөліп оқыту идеясын қолдайды.

"Қазақ тілінің қазіргі жағдайында бізге бар жағынан кешенді жұмыс керек. Мектептердегі қазақ тілі сабағын жолға қою, басқа тілде оқытатын мектептердегі қазақ тілінің жұмысын реттеу, мұғалімдерді даярлау, оқыту қажет. Жалпы тіл саласындағы мамандарды бөліп оқыту керек, яғни мұғалім десе, маманды сол бағытта даярлау, аудармашы боламын десе, аудармашылықтың методикасын, іс-қағаздарын жүргізетін маман ба сол бағытта машықтану қажет. Бізде филологияны бітірген маман бәрін істей алады деген жаңсақ ой бар. Ол мектепке барып сабақ та бере алады, әкімдікке барып іс-қағаздарын да аудара алады, баспаға барып көркем әдебиетті де аудара алады, медиаға барып мақалада жаза алатын болады", – дейді Назгүл Қожабек подкастағы сұхбатта.

Сөз арасында осы күнге дейін қазақ тілінің стандарты жоқ екенін және оны керектігін тілге тиек етті. 

"Стандарт – өте үлкен жұмыс. Стандартты қалыптастырсақ, өз білем ғой дегеннің жолын кесіледі. Мысалы, ел ішінде қатынайтын қазақстандық әуе компанияларда ұшар алдында айтатын нұсқаулықта "белдемше" сөзін әртүрлі қолданады, бөлек, бір-біріне ұқсамайды. Ал ағылшын тілінде, орыс тілінде оның бәрі стандартпен бекітілген. Қазақ тілінде бір жерде "белдемше", екінші жерде "белдік", тағы біреуі "белбеу" деп қолданады,  дейді маман.

Сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден көре аласыздар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу