Қазақ тілін үйретуге арналған ойын әзірленді

307

Бастама Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Тіл саясаты комитетінің қолдауымен жүзеге асты.   

Қазақ тілін үйретуге арналған ойын әзірленді Фото: qaz-media.kz

Ойынның компьютерлік және мобильді нұсқалары қазақ тілін инновациялық форматта меңгеруге арналған жаңа құрал ретінде ұсынылып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ойын 6-25 жас аралығындағы пайдаланушыларға қазақ тілінің А1 және А2 деңгейлерін үйретеді.

Ойынның барлық функционалдық мүмкіндіктерін Астана қаласындағы №104 мектептің оқушылары тестілеп, пайдаланушылардан алынған кері байланыс негізінде жетілдірілген.

Бета-тестілеуге қатысушылар Steppe Rider жобасының графикасын, ойнау динамикасын және мазмұндық тұтастығын жоғары бағалап, оң пікір білдірді.

Жобаны жүзеге асыруға бағдарламашылар, дизайнерлер, тестілеушілер, деректер базасының сарапшылары және басқа да жоғары білікті мамандар қатысты.

Ойынның мазмұндық және оқыту компоненттерін әзірлеуге тәжірибелі педагог-әдіскерлер тартылып, білім беру стандарттарына сәйкестігі қамтамасыз етілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу