"Қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры" ақпараттық жүйесі құрылуы мүмкін

134

Құжат жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.

"Қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры" ақпараттық жүйесі құрылуы мүмкін Фото: ku.edu.kz

"Қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры" мемлекеттік ақпараттық жүйесін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығының жобасы әзірленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын құру мақсаты – қазақ тілін мәдени құндылық ретінде сақтау, қорғау және дамыту, сондай-ақ мемлекеттік тіл мәртебесін нығайту, қазақ тілінің барлық қолданыс аясын қамтитын ресурстарды жинақтау, тілдің қолданыстағы лексикалық құрамын ретке келтіру, цифрландыру, генерациялау, оны жасанды интеллект пен заманауи технологияларға бейімдеу, өңдеу процестерін автоматтандыру.

Қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры академиялық және аударма сөздіктер, Қазақ тілінің ұлттық корпусы, терминологиялық база және түрлі форматтағы мәліметтер жиынтығы саналатын датасет негізінде қалыптастырылады.

Жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттық жүйе саналатын Қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын қалыптастыру мыналарды қамтиды:

  •  Ұлттық сөздік қорды құру және дамыту мәселелері жөнінде кезеңдік іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
  •  Ұлттық сөздік қорға қойылатын функционалдық және техникалық талаптарды, техникалық қызмет көрсету кестесін және деректерді жинақтауға, өңдеуге, жүйелеуге арналған ақпараттық сипаттамаларды бекіту;
  •  интерактивті пайдаланушының интерфейсін, іздеу жүйесін және деректерді экспорттау мүмкіндігін қамтамасыз ету;
  •  Ұлттық сөздік қорды құру және жетілдіру саласындағы субъектілердің әрекетін үйлестіру; 
  •  Ұлттық сөздік қормен интеграциялануға қабілетті ақпараттық ресурстардың тізбесін қалыптастыру;
  •  Ашық деректер платформаларын пайдалану және халықаралық стандарттарға сәйкес келуін қамтамасыз ету.

Бұйрық жобасы 19 наурызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу