"Қазақфильм" тарихи киножобаға кастинг жариялады

1275

Алматы қаласында кастинг жұмыстары 9 тамыздан басталады.  

"Қазақфильм" тарихи киножобаға кастинг жариялады

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Жаңғырық" ("Долгое эхо") атты толықметрлі көркем фильмнің өндірісін бастағалы отыр. Бұл кинотуынды қазақ даласына жер аударған революционер, құнды этнографиялық жазбалар қалдырған поляк жазушысы Адольф Янушкевичтың тағдыры туралы баяндайды.  

Фильмнің режиссері– Қазақстанның еңбек сіңірген  қайраткері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Франция киноакадемиясының Жорж Садуль атындағы сыйлығының лауреаты,  "Платиналы Тарлан" Тәуелсіз жүлдесінің иегері Сатыбалды Нарымбетов ("Балалық шағымның Дон Кихоты" (1978 ж.), "Көзімнің қарасы" (1994 ж.), "Қыз жылаған"(2002 ж.), "Мұстафа Шоқай"(2008 г.), "Аманат" (2015 г.).

"Қазақфильм" киностудиясы аталған жобаға басты және эпизодтағы рөлдерге актерлер кастингін жариялайды. 
Кастингке 5-14, 15-20, 21-65 жас аралығындағылар қатыса алады.

Барлық үміткерлер өзі туралы ақпараттарын (аты-жөні, жасы, бойы, салмағы, кинодағы тәжірибесі, байланыс телефондары) толтырып, сондай-ақ, фотоға түсіп (тұла бойы, ірі планда анфас және ірі планда профиль) ekho2019@gmail.com электронды поштасына жіберулері қажет. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу