Қазақстан 15-тен астам елмен әскери ынтымақтастық туралы келісімшарт жасаған

362

Тиісті мәселе Құрылтай отырысында қаралды.      

Қазақстан 15-тен астам елмен әскери ынтымақтастық туралы келісімшарт жасаған Фото: akorda.kz

Құрылтай депутаты Серік Егізбаев Қазақстан мен Сербия арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімнің басқа құжаттардан өзгешілігі қандай екенін сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін Қазақстан мен Сербия әскери-техникалық салада ынтымақтастықты дамытатынын жазғанбыз.

Құрылтай депутаты Серік Егізбаев тиісті заң жобасы әскери-техникалық саладағы басқа серіктес елдермен өзара іс-қимыл жасаудың тетіктерінің ерекшелігі неде деп сұрады.

Бұл сауалға Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев жауап берді.

"Елімізде бүгінгі таңда 15-тен астам басқа шет мемлекеттермен осындай әскери ынтымақтастық жөніндегі келісімшарттар бар. Сербия мемлекетімен әскери-техникалық ынтымақтастықтың осыған дейін болған келісімшартпен өзгешелігі жоқ. Өткізу іс-қимылы солармен бірдей болады және біздің ішкі заңнамамызға, елімізге ешқандай нұқсан келтірмейді", – деді ведомство өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу