Қазақстан 2017 жылы аусылдан азат аймақ мәртебесін алуы мүмкін

1181

Қазақстан 2017 жылы аусылдан азат аймақ мәртебесін алуы мүмкін

ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Мереке Тайтубаев Үкімет отырысы барысында Қазақстанның аусылдан азат аймақ мәртебесін алуы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс жайлы мәлімдеді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Өңірлердегі эпизоотикалық жағдайдың отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің экспорттық мүмкіндіктеріне және ішкі нарықты сапалы ет өнімдерімен қамтамасыз етуге тікелей әсері бар.

Халықаралық эпизоотикалық бюроның (ХЭБ) шешімімен республиканың 9 облысының аумағы ресми түрде вакциналаусыз аусылдан азат аймақ болып танылды, олардың арасында Ақмола, Атырау, Ақтөбе, БҚО, Қарағанды, Қостанай, СҚО, Павлодар және Маңғыстау облыстары.   

Қалған 5 облыс бойынша ауқымды жұмыс жасалды, нәтижесінде Министрлік Халықаралық эпизоотикалық бюроға вакциналаумен аусылдан азат аймақ мәртебесін алуға толық құжаттама жіберді. Соңғы шешім 2017 жылдың мамыр айында ХЭБ Бас сессиясында қабылданады.

"Тоғыз өңірдің аусылдан азат аймақ мәртебесі бар, ал қалған бес өңір бойынша перспективалар қандай?", – деп сұрады Б. Сағынтаев.

"Ауыл шаруашылығы министрлігінің жасаған жұмысының нәтижесіне қарайтын болсақ, перспективалар бар, ал жалпы соңғы шешім келер жылдың мамыр айында қабылданады, себебі шешімді барлық мүше елдер қабылдайды", – деді М. Тайтубаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу