Қазақстан 2027 жылдың соңына қарай 3G-ден толық бас тартады

318

Ауылдардың 84 пайызында мобильді интернет бар.

Қазақстан 2027 жылдың соңына қарай 3G-ден толық бас тартады Фото: ЖИ

2027 жылдың соңына дейін 3G-ден толық бас тарту жоспарланып отыр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазір ауылдардың 84 пайызында мобильді интернет қолжетімді. 3G базалық станцияларын жаңартып, 4G-ге көшіріп жатырмыз. Қалалар мен ауылдарда 5G желісін де кеңейтіп келеміз. 2027 жылдың соңына дейін 3G-ден толық бас тарту жоспарлануда. Сол уақытқа қарай 4G желісі 5 291 ауылды, ал 5G желісі 70 қала мен 300 ауылды қамтуы тиіс", – деді Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында.

Нəтижесінде мобильді интернет елдегі ауылдардың 92 пайызында қолжетімді болатыны айтылды.

Министрдің сөзінше, әкімдіктер базалық станцияларды орнатуға жер учаскілерін уақтылы бөліп, электр желісін тартуы тиіс. 

"Бұл операторларға мобильді байланыс желісін тезірек кеңейтуге мүмкіндік береді. Алдағы міндет – республикалық жəне облыстық маңызы бар жолдардың 40 мың шақырымын мобильді байланыспен қамту. Ол үшін антенна орнатылатын 500-ден астам мұнара салу қажет. Əзірге құрылыс баяу жүріп жатыр. Жобаның инвесторы "Транстелеком" құрылысты жеделдетіп, нысандарды 2027 жылдың соңына дейін пайдалануға беруі тиіс", – деді Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі.

Айта кету керек, бұған дейін Бектенов Aitu ұлттық цифрлық экожүйесінің даму қарқынын сынға алғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу